Ставрополь аймағының белгілі шипажайлары мен Астана қаласын тікелей әуерейс байланыстырады

18.05.2017

2 маусымнан бастап аптасына екі рет - дүйсенбі мен жұма күндері орындалатын жазғы маусымға арнайы ашылған Астана-Минеральные Воды тікелей әуе рейсы бойынша жолаушылар тасымалы орындала бастайды.

Ресейдің танымал бальнеологиялық және балшықты курорттары саналатын Кавказ Минералды Сулары тобына Ессентуки, Кисловодск пен Железноводск қалалары кіреді.




Ессентуки қаласында «Қазақстан» көпфункционалды шипажайы орналасқан. Ол жыл сайын 5000 демалушыға қызмет көрсетеді.

«Қазақстан» шипажайының емдік-диагностикалық бөлімшесі заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған, ал жоғарытәжірибелі мамандар шипажайда науқастарды қабылдап, кеңес береді.    

Шипажайда ем-дом қызметін көрсету кезінде ас қорыту мүшелері мен зат алмасуының бұзылуына ерекше мән беріледі. Сонымен қатар, сүйек-бұлшықет жүйесі, жүйке аурулары, қан айналымының бұзылуы, бүйрек пен несепбөлу жолдарының ауруы, гинекологиялық және урологиялық ауруларды емдеу түрлері жүргізіледі.


Тізімге оралу