Астанада қарашаның 22-23 аралығында «Денсаулық сақтаудағы инновациялар» халықаралық ғылыми Форумы өтті

23.11.2018

22-23 қарашада Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қорында «Денсаулық сақтаудағы инновациялар» халықаралық ғылыми форумы өткізілді. Форум екі конференциядан тұрды: «Биомедицина. Ғылым. Тәжірибе» және «Хирургия: бүгін және ертең». Форумға 500-ге жуық қонақтар мен тыңдаушылар қатысты, сондай-ақ 90 спикер сөз сөйледі, соның ішінде өз қызметінде инновацияларды енгізіп келген түрлі бейінді жетекші отандық және шетелдік дәрігерлер.

7.jpg

Форумды Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары Қанат Шөкенов ашты. Ол қазіргі кезде медицина ғылымы мен практикасы қарқынды дамып келе жатқандығын атап өтті: «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының ауруханаларында күнделікті нейрохирургиялық, кардиохирургиялық және урологиялық операциялардың инновациялық түрлері жүргізіледі, соның ішінде роботтық техниканы пайдаланумен. Ядролық медицина жылдам қарқынмен дамып келеді, жүрек, эпилептиктология, геронтология және қалпына келтіру медицинасының орталықтары ашылды. Жақын арада заманауи геномдық зертхананың ашылуы жоспарланып отыр».

 

2.jpg

Форумның пленарлық сессиясында Қазақстан Республикасында роботтандырылған хирургия, онкология және денсаулық сақтауды цифрландыру саласындағы инновациялық әзірлемелер, ғылыми, ғылыми- техникалық қызметті гранттық қаржыландыру арқылы инновациялық өнімдер мен қызметтерді енгізу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Біртанов Елжан Амантайұлы қатысушыларды Форумның ашылуымен құттықтады.

6.jpg

Пленарлық сессияда Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысы Валерий Бенберин баяндама жасап, дербестендірілген медицина саласындағы жаңа әзірлемелер туралы және осы саладағы жаңа қолданбалы бағыт - молекулалық микроскопия туралы әңгімеледі

5.jpg

Іс-шараға қатысушыларға онкология, кардиология, пульмонология, эндоскопия, роботтандырылған хирургия және нейрохирургия, жасамыстыққа қарсы медицина саласындағы соңғы әзірлемелерді ұсынды

Сондай-ақ, форумның бірегей баяндамасы роботтандырылған онкология саласындағы ең танымал хирургтардың бірі Давид Самадидің «Роботтандырылған хирургия саласындағы инновациялық әзірлемелер» атты баяндамасы болды.

4.jpg

Сонымен қатар, Куба Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Эмилио Певида Пупо және Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкин құттықтау сөз сөйледі.

Шетелдік спикерлер арасында, молекулярлық биология кафедрасының профессоры Альберт Пинхасов «Жасқа ассоциацияланған аурулардың генетикалық аспектілері: ғылыми және инновациялық перспективалар» атты баяндамамен ерекшеленді. Сонымен қатар, мынадай ұлттық баяндамашылар: химия ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Журинов; мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жақсыбай Жұмаділов, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ануарбек Сұлтанғазин және «Тірі туыс донордан бауыр трансплантациясы» атты баяндамасымен Болатбек Баймахановты атап өтуге болады.

Конференцияның ерекше іс-шарасы Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының роботтандырылған операциялық стационарынан операцияны тікелей эфирге беру болды.

3.jpg

Форум аясында клиникалық-диагностикалық зертханалар, инновациялық медициналық жабдықтар, медициналық мақсаттағы бұйымдар, фармацевтикалық препараттар, ресурс үнемдеуші және экологиялық таза технологиялар, медициналық және курорттық әдебиет және anti-age технологиялар көрмесі ұйымдастырылды.

Форум Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының және Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының қолдауымен ұйымдастырылды.

1.jpg


Тізімге оралу