Жаңалықтар БАҚ біз туралы

23.11.2018
Астанада қарашаның 22-23 аралығында «Денсаулық сақтаудағы инновациялар» халықаралық ғылыми Форумы өтті
22-23 қарашада Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қорында «Денсаулық сақтаудағы инновациялар» халықаралық ғылыми форумы өткізілді. Форум екі конференциядан тұрды: «Биомедицина. Ғылым. Тәжірибе» және «Хирургия: бүгін және ертең». Форумға 500-ге жуық қонақтар мен тыңдаушылар қатысты, сондай-ақ 90 спикер сөз сөйледі, соның ішінде өз қызметінде инновацияларды енгізіп келген түрлі бейінді жетекші отандық және шетелдік дәрігерлер.
15.11.2018
ҚР ПІБ Медициналық орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өткізілді
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне төзбеушілік атмосферасын қалыптастыру мақсатында 2018 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саладағы атқарылатын жұмыс туралы баяндамасымен сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Исақұл Алан Әбдісерікұлының қатысуымен мәжіліс өткізілді.
10.11.2018
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық Орталығы Қазақстан Республикасы мен Ресей федерациясының өңіраралық ынтымақтастығының XV Форумына қатысты (8-9 қараша 2018 ж., Петропавл қ.)
ҚР ПІБ Медициналық орталығы және оның ведомстволық қарасты ұйымдары "Қазақстан мен Ресейде туризмді дамытудың жаңа тәсілдері мен үрдістері" тақырыбында мемлекет басшылары мен мемлекеттердің шекаралас өңірлері өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының өңіраралық ынтымақтастығының XV форумына қатысты.
03.11.2018
ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы – үстел теннисі турнирінің жеңімпазы

2018 ж. 3 қарашада Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының жыл сайынғы спорт жарыстарының шеңберінде Астана қ. 20-жылдығына арналған үстел теннисінен турнир өтті.